Жүргізуші куәліктерін ауыстыру: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады
Фото: atr.kz
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдағы төрт жыл ішінде жарамдылық мерзімі аяқталатын жүргізуші куәліктерін алдын ала ауыстыру қажеттігі туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ІІМ бұл хабарламаларды жоққа шығарып, оның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру тәртібі өзгерген жоқ. Құжаттар тек олардың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін және белгіленген тәртіп бойынша ғана ауыстырылады. Қосымша талаптар – қайтадан емтихан тапсыру, шектеулер енгізу және тағы басқа – қарастырылмаған, – делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомство азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырады.
Сондай-ақ министрлік қасақана жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Пікірлер (0)