Алдағы күндері қалың қар жауып, бұрқасын соғады

Жаңалықтар
view 189
news

Сурет: Ашық дереккөзден

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде солтүстік циклон әсерінен қалың қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасын күтіледі.

21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады.

Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі. Қазақстанның батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.

23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуы әсерінен республиканың оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура фонында күрт өзгеріс болмайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *