"Алданып қалмаңыздар": Тұрсынбек Қабатов шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 1049
news

әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Белгілі әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желі арқылы халыққа арнап видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Malim.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Ол азаматтарды, әсіресе қарттарды, интернет пен телефон арқылы әрекет ететін алаяқтардан сақ болуға шақырды.

"Құрметті достар, жерлестер! Батыс Қазақстан облысында, әсіресе Орал қаласында алаяқтар көбейіп кетіпті. Әсіресе ата-әжелер мен аға-жеңгелерге айтарым – өте сақ болыңыздар. Банктенмін деп хабарласып, "құжатыңызды жіберіңіз", "сізге СМС келеді, соны маған айтыңыз" деп алдайды екен. "Шотыңызды бұзайын деп жатыр", "сіздің атыңыздан кредит алып жатыр" деп сендіреді. Тіпті полицияданбыз деп хабарласып, "ұлыңыз бізде отыр, тәртіп бұзды" деп ақша сұрайтындар бар", – деді Тұрсынбек Қабатов.

Оның айтуынша, алаяқтар қоңырау кезінде банктің немесе полицияның шуы сияқты жасанды дыбыстарды қосып, адамдардың сеніміне кіреді.

"Ондай адамдар өте айлакер келеді. Сондықтан да ешкімге жеке деректеріңізді, банк картасының нөмірін, құпия кодын бермеңіздер. Шын мәнінде банк те, полиция да телефон арқылы ақша сұрамайды. Сақ болыңыздар, алданып қалмаңыздар!" – деп ескертті әзілкеш.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *