Қаралы хабар! Халық әртісі, танымал тележүргізуші көз жұмды (ФОТО)

Жаңалықтар
view 502
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Ресейдің халық әртісі, аты аңызға айналған тележүргізуші Юрий Николаев 76 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Ол ұзақ жылдар бойы көрерменге жақсы таныс "Утренняя почта", "Утренняя звезда" және басқа да танымал телебағдарламаларды жүргізген, деп хабарлайды JANABASTAU ақпарат агенттігі. 

Юрий Александрович Николаев 1948 жылдың 16 желтоқсанында Кишинев қаласында дүниеге келген. Ол телевизиядағы шығармашылық жолын 1973 жылы бастаған. Қысқа уақыттың ішінде елдің ең танымал және сүйікті тележүргізушілерінің біріне айналды.

Өзінің мансабы барысында Николаев көптеген жобаны жүргізіп, кеңес және ресейлік теледидар тарихында ерекше із қалдырды. Оның қатысуымен шыққан "Утренняя почта", "Утренняя звезда", "Достояние республики" сияқты бағдарламалар миллиондаған көрерменнің жүрегінен орын тапты.

1998 жылы Юрий Николаев "Ресейдің халық әртісі" атағын алды. Сондай-ақ ол телевизия саласына қосқан зор еңбегі үшін бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Көрермендер мен әріптестері Николаевты шебер, кішіпейіл және кәсіби тұлға ретінде еске алып, оның жұмысы бірнеше буын көрерменге шабыт сыйлағанын айтып отыр. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *