Алматы әкімі шұғыл көшпелі кеңес өткізді
Жаңалықтар
62
Қала әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы сапдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкіні болған жерге келді, деп хабарлайды Алматыдағы janabastau.kz.
Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.
Әкімнің тапсырмасы бойынша, оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адам тұратын.
Оқиға орнында жедел медициналық көмек бригадалары бар.
Басты басымдық - іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет, - деді Ерболат Досаев.
Пікірлер (0)