Жалға берілген пәтерді жекешелендіруге болады

Жаңалықтар
view 37
news

Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында пәтерді жалдап отырған 50 мыңға жуық отбасы баспаналы бола алады. Бұдан кейін енді жалға беру ұғымы жойылып, бірден сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды Stan.kz сілтеме жасап.

Жағдайы жетіп тұрған адам енді алғашқы жарнасын төлеп, пәтерді атына аударады немесе қажетті қаржыны жиғанынша тұра береді. Бірақ әзірге жекешелендірудің нақты тәртібі белгісіз екен. Себебі заң жобасы әлі мәжілістің қарауында қалып отыр.

Жаңа нормаға сәйкес жалға беру ұғымы жойылып, пәтер бірден сатып алу құқығымен ұсынылады. Сәйкесінше, жағдайы келгені жекешелендіреді. Болмаса, уақытша тұрып, ақша жинаған соң атына аударады. Баспана он жылға бөліп төлеуге беріледі. Алғашқы жарна шамамен 30 пайыз болмақ деді мамандар. Алайда бұл тәртіптің бәрі заң қабылданғаннан кейін нақтыланбақ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *