Алматы облысында бірнеше ауылдың атауы өзгереді
Жаңалықтар
93
Алматы облысында бірнеше ауылдық округ және ауыл атауы өзгеріп, қайта аталынады. Тиісті аумақтар тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес шешімді мәслихат қабылдап, қаулыны облыс әкімі шығарған, деп хабарлайды janabastau.kz.
Іле ауданы:
- Энергетик ауылдық округі – Өтеген батыр ауылдық округі;
- Покровка ауылы – Кенен Әзірбаев ауылы;
- Чапаев ауылдық округі және Чапаево ауылы – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;
- Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;
- ҚазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы – КазЦИК ауылдық округінің Жайнақ ауылы;
- ҚазЦИК ауылдық округі мен ҚазЦИК ауылы – Асқар Тоқпанов ауылдық округі және Асқар Тоқпанов ауылы.
Пікірлер (0)