«Жайлы мектеп»: 369 мектеп салынады

Жаңалықтар
view 64
news

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды janabastau.kz. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған. Жоспарға сәйкес 2024-2025 жылдары елімізде 740 мың орындық 369 мектеп салынады. Оның ішінде биыл 217 мектеп қолданысқа беріледі.

«Мектеп құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асады. 163 мектеп ауылдық жерлерде салынады. Бұл білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сонымен қатар жайлы мектептер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз ортаны сақтайды», деді Ғ.Бейсембаев.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *