Алматы тұрғыны жоғалған затын іздеп жүрген жігітті ұрып-соққан

Жаңалықтар
view 23
news

Фотосурет: sputnik.kz

Алматы тұрғыны жоғалған затын іздеген жігітті есірткі іздеп жүр деп ойлап, ұрып-соққан, деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік экипаждар жіберілді. Полицейлер күдіктіні жедел анықтап, ұстады.

"Күдікті өтіп бара жатқан адамды есірткі жасырылған орынды іздеп жүр деп ойлағанын айтты. Алайда жәбірленуші өзінің жоғалған затын іздеген", - деп жазылған хабарламада. 

Ұрып-соғу салдарынан ер адам дене жарақатын алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен азамат медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта жанжалдың нақты себебі мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *