Алматыда “Желтоқсан 86” қоғамдық бірлестігі қ ЛГБТ-ға қарсы акциясы өтті
Жаңалықтар
59
Алматыда «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің жанында Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің қатысушылары жиналып, ЛГБТ ұйымдарына қарсы акция өткізді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Акцияның тікелей эфирі facebook әлеуметтік желісінде жүргізілді.
Қоғамдық бірлестіктің ондаған қатысушылары арнайы рәсім өткізіп, адыраспан жағып, дұға оқыды.
Акцияға қатысушылардың бірі Гүлбахрам Жүніс «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің атынан:
Олар бұл талапты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-министр Бектеновке, депутаттар мен халыққа жолдады. Олар сондай-ақ жыл сайын 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінде митингтерге шығуға тыйым салуды талап етті.
фото: тікелей эфирден жасалған скрин
« ЛГБТ ұйымдары еліміздің мүдделері, болашағы мен гүлденген халқымыздың тағдырына қауіп төндірмес үшін оларға тыйым салу мақсатында біз мемлекеттен арнайы заң талап етеміз»,- деді.
Пікірлер (0)