Астанада тапа-тал түсте бойжеткенді тонамақ болған азамат ұсталды

Жаңалықтар
view 61
news

Астанада тапа-тал түсте бойжеткенді тонамақ болған азамат Семейден ұсталды, деп хабарлайды janabastau.kz Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға 12 ақпан күні Астанада болған, белгісіз ер адам қызға арқасынан шабуыл жасаған. Болған оқиғадан кейін қаскүнем жасырынып кетті. Ол іздеуге жарияланды. Келіп түскен бағдар бойынша Абай облысы ПД жеке құрамы бағдарланды. Сағат 6:00 шамасында «Ертіс» бақылау пунктінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары Семей қаласына кірген кезде салонында жолаушы ретінде күдікті болған «Тойота» автокөлігін тоқтатты, - делінген хабарламада. Сондай-ақ Астанадағы қарақшының ұсталғаны туралы бейнежазба пайда болды. Оқиға 12 ақпан күні Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан «Ұлан» ТК-де болған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *