Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды
"Сот үкімі Мұхамедиұлына аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген сот үкімінде.
Айыптау қорытындысында Мұхамедиұлының 2022 жылдың желтоқсан айында Астанадағы тергеу изоляторында қамаудан босатылып, «Дипломат» қонақ үйінің меншігінде қалғысы келіп, адвокат Мұстахим Төлеев арқылы шенеуніктерге аса ірі көлемде пара беруге шешім қабылдағаны айтылған. Келесі кезекте экс-министрдің әйелі Налия Ысқақова кафеде Төлеевке 140 мың долларды өзі тапсырған. 2023 жылдың қаңтарында Ысқақова бұлтартпау шарасын өзгерткені үшін Төлеевке тағы 120 мың долларды өзі тапсырған. Сәуір айында Ысқақова жүргізуші арқылы Төлеевке жазасын жеңілдеткені үшін тағы 100 мың доллар аударған. «2023 жылдың маусым айында ол ұлы арқылы адвокатқа 27 миллион теңге және 40 мың доллар көлемінде ақша аударған. Мұстахим Төлеев бұл қаражатты иемденіп, өз қалауы бойынша иеліктен шығарған», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)