Қаңтарда мемлекеттік бюджеттің 20 миллиард теңгесі игерілмеген

Жаңалықтар
view 41
news

Үкіметтің бүгінгі отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев қаңтар айында бюджет қаржысының 20 млрд теңгесі игерілмегенін айтты, – деп хабарлайды janabastau.kz.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,9 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары – 97,8 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 94,5 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді», – деді министр.

Қаржы министрінің айтуынша, атқарылмаған бюджет 33 млрд теңгені құраса, оның ішінде 13 млрд теңгесі – үнемделген екен.

«Игерілмегені – 20 млрд теңге. Ең көп игерілмеген сома Мәдениет және ақпарат, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінде болған. Бюджетті игермеудің негізгі себептері: 663 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт өткізу»,  – деді Мәди Тәкиев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *