Алқабилер соты жаңа дағдыларды талап етеді: Академия прокурорларды даярлаудың заманауи әдістемелерін енгізуде
Фотосурет: ЖИ
Алқабилердің қатысуымен өтетін сот отырыстарында мемлекеттік айыптаушылардың қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған бірегей ғылыми әзірлемелер Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша оқу үдерісіне енгізілді.
Алқабилер институты сот төрелігін демократияландырудың маңызды элементі болып табылады.
Алайда тәжірибеде прокурорлардың қызметінде алқабилермен өзара іс-қимыл және дәлелдемелерді ұсынумен байланысты ерекшеліктер мен қиындықтардың бар екені анықталды.
Халықаралық және республикалық алаңдарда кеңінен талқылаудан өткен ғылыми зерттеу нәтижелері нақты білім беру өнімдеріне айналдырылды: Зерттеу қорытындылары мен ұсынымдар магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларына интеграцияланып, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының оқу модульдеріне енгізілді. Практикаға бағдарланған тәсіл аясында Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты магистранттары үшін практик-сарапшылардың қатысуымен нақты сот жағдайларын модельдейтін арнайы бинарлық сабақтар өткізілді.
Сонымен қатар, кейс-тапсырмалар мен тақырыптық викториналарды қамтитын интерактивті практикум әзірленіп, Түркістан қаласында өткен Мемлекеттік айыптаушылардың халықаралық форумында сәтті апробациядан өтіп, прокурор кадрларын кәсіби даярлау жүйесінде кеңінен қолдануға ұсынылды.
«Біздің жұмыстың мақсаты – тек ғылыми талдау жасау ғана емес, сонымен қатар сот төрелігінің сапасын нақты жақсарту», – деп атап өтті авторлық ұжым.
Бұл әзірлемелерді оқу процесіне енгізу – болашақ және қазіргі прокурорлардың алқабилер сотындағы қызметін анағұрлым тиімді етуге мүмкіндігін береді, нәтижесінде қоғамның сот жүйесіне деген сенімі нығаяды.
Пікірлер (0)