«Алып қашқан кездегі көлік басқа»: Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы мәлімдеме жасады
Фотосурет: oimaqnews.kz
Бұл жолы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке кеңінен тарап кеткен видеоларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ SN.KZ-ке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, қарындасын алып қашқан уақыттағы көлік қара түсті және маркасы басқа болған. Ал, пабликтерде ақ түсті машина көрсетілген.
Пабликтерге шығып жатқан видеоларға қатысты өз пікірімді білдіре кетсем деймін. Алып қашқан кезде негізінде қара көлікпен және басқа маркалы көлікпен шыққан болатын. Ал видеода ақ және басқа маркалы көлік. Нұрай ол кезде бір өзі болған, жанындағы 50 адам – сырт жақтың адамдары. Күліп тұрған да Нұрай емес. Ол – алдында отырған басқа кісі. Ең соңында Нұрай қарсыласқан секілді орамалын шешпекші болған, көрініп тұр оның қаламағаны. Бұл жерде Нұрайдың үлкен кісілерге деген сыйластығы, шаршаңқы жағдайы әсер етті деп ойлаймын, – деді марқұмның ағасы.
Пікірлер (0)