Алып қашуға көнбеген қызды Шымкенттік жігіт зорлап тастады

Жаңалықтар
view 1434
news

Сурет: Ашық дереккөзден

20 жастағы қызды жігіт алып қашқан. Артынша зорлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде  тарады, деп хабарлайды janabastau.kz.

"Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы қызды ұрлап әкеткен. Ол қыздың келіспегенін көрген соң, оны зорлаған. Жігіттің туыстары қыздың ата-анасына "қуанышты" хабарды жеткізген. Жәбірленушінің жақындары екеуін үйлендіруге келіскен. Қызды құрбылары құтқарып қалды", - деп жазады Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасы.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Осы фактке қатысы бар тұлғалардың полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *