«Ақ көйлек кию маған да бұйырды»: әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жаңалығын бөлісті
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Актриса, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жаңалығын жеткізді, – деп хабарлайды janabastau.kz
“Ақ көйлек кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күн де алыс емес. Жақсы күн жақындап қалған сияқты, жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса, мархабат”, – деп жазды әнші.
Сонымен қатар өнер иесі Америкаға аттанатынын айтты.
“Армандар орындалады! Жаратқанға тәуекел етіп, аманаттай отырып әрекет ете берсең, нәтижелер толассыз келе береді екен. Сол нәтиженің бірі менің қуанышыма бұйырыпты. Америкаға жол ашылды. Қазақ елім, сіздерден сүйінші сұрайтын күндерімнің көп екенін білемін. Соның бірін бөлісіп жатырмын. Қыздарыңыз өнерімен әлемге жол салмақ”, – деді әнші.
Пікірлер (0)