"Ақ маңдайыңнан сүйдім": Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жасқа кіші әйелімен көзге түсті (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 541
news

Сурет: видеодан кадр

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа видеолар жариялап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды janabastau.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап. 

Нұрғали Нүсіпжанов бұл жолы өзінің әйелі Жадыра Сейдешпен бірге фотосессия жасаған сәтін Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялады.

«Творчествалық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым. «Сұңқар» фотостудиясының қыз жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әр түрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотогроф қызым Айданаға «жүз жасаңдар, айналайындар» деген ақ жарма бата-тілегімді бердім, ақ маңдайларынан сүйдім», – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Нұрғали Нүсіпжанов биыл 88 жасқа толды. Ал оның қазіргі әйелі Жадыра Сейдеш өзінен 45 жасқа кіші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *