Ақмола облысында әйел пойыз астына түсіп, мерт болды

Жаңалықтар
view 69
news

Сурет: Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Бұланды ауданының Макинск қаласында теміржол бойында әйел пойыздың астына түсіп, мерт болды, – деп хабарлайдыjanabastau.kz Aikyn.kz -ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше кешкісін Астана бағытына қарай келе жатқан №327 Қарағанды-Қостанай жолаушылар пойызымен болған. Пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Алайда  бұл кезде әйел пойыздың астында қалып қойған. Оқиға жайлы Бұланды аудандық полиция бөліміне теміржол вокзалының кезекшісі хабардар еткен.  

"Трагедиялық жағдайда белгісіз әйелдің пойыздың астына секіруі себеп болған. Әйел оқиға орнында көз жұмды", – деді полициядан. 

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен салдары анықталып жатыр. Марқұмның 36 жаста екені анықталды. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *