Ақмола облысында алтын өндірумен заңсыз айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Жаңалықтар
view 98
news

Сурет: Ашық дереккөзден

ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті облыстық прокуратырасы үйлестіруімен бағалы металдарды заңсыз өндіру мақсатында қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Күдіктілер 2023 жылғы мамыр айынан 2024 жылғы маусым айына дейін Қазақалтын ЖШС кенішінде құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіріп, оны қайта өндеп, тазартылған алтынды сатып, алушыларғы нарықтық бағадан төмен бағамен өткізген.

Нәтижесінде 700 гр. астам алтын заңсыз өндіріліп, қылмыстық табыс 21 млн. теңгеден асты. Осы табысқа күдіктілер жүк көлігін сатып алып, сенімді адамның атына рәсімдеді. Тәркілеу мақсатында Сот санкциясымен автокөлік құралына тыйым салынды. Тергеу барысында күдіктілер қамауға алынды. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс қарау үшін сотқа жолданды. Айта кету керек, заңсыз тау-кен қайғылы оқиғаларға айналды: бір жұмысшы шахтада жүрек жеткіліксіздігінен, екіншісі құлау салдарынан қайтыс болды. Жалпы, соңғы екі жылда Ақмола облысында жұмыс істейтін 4 топтың қызметі тоқтатылды.

Ақмола облысы бойынша ЭТТД

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *