«Музей жасап қою керек»: Нұрғали Нүсіпжанов ауылда иесіз қалған қарашаңырағына барды

Жаңалықтар
view 404
news

Сурет: әлеуметтік желіден

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері әнші Нұрғали Нүсіпжанов ұзақ жылдардан кейін өзі өсіп-өнген қарашаңыраққа барды, деп хабарлайды janabastau.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Әншінің өз үйіне барған сапары жайлы видеоны әлеуметтік желіде Kami.seit2024 есімімен тіркелген қолданушы жариялаған. Видео аккаунтқа екі күн бұрын жүктелген.

Алайда бейнежазбаның нақты қашан түсірілгенін тап басып айту қиын. Кадрдан әншінің өз үйіне аса бір толқыған күйде кіргенін, бөлмелерін аралап, терезеден сыртқа телміре көз тасағанын байқауға болады. 

Оны үй сыртында бір топ жергілікті өнерпаздар әнмен қарсы алған. Сондай-ақ оның айналасында операторлардың жүргеніне қарағанда әлдебір ролик немесе деректі фильм түсіріліп жатқанға ұқсайды. Желі қолданушылары видеоны көріп, көңілдері босап кеткенін айтқан. 

«Ешқашан ешкімнің қарашаңырағы бос қалмасын. Құтты үйде тұрып жатқан барлық аға-інелерімізге бас иемін», «Ауыл тұрғындары Нұрғали аға келеді деп ішін тазалап, дастархан жайып, тамақ ауыз тигізіп, Құран оқытып жібермеген екен», «Неге 2 миллион теңге бөліп музей жасап қоймағансыздар? Бұл кісінің еңбегі сіңген шығар Қазақстанға?», «Нұрғали аға – қайталанбас тұлға. Аман болыңыз!» деп жазды оқырман қауым.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *