Бибісара Асаубаева гроссмейстер атанды
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстандық талантты шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық деңгейдегі ірі додада керемет нәтиже көрсетті. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде ол гроссмейстер атағына қажетті үшінші норманы сәтті орындап, FIDE рейтингінде 2500 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды janabastau.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жетістік оны ерлер арасындағы гроссмейстер атағына бір қадам жақындатты. Енді FIDE кеңесінің алдағы ресми бекітуі ғана қалды. Егер шешім оң болса, Бибісара Қазақстан тарихындағы екінші әйел гроссмейстер атанады. Айта кетейік, бұл мәртебеге бұған дейін тек Жансая Әбдімәлік ие болған еді.
64 мықты гроссмейстер бас қосқан бұл турнирде Бибісара үздік 30 шахматшының қатарына енді. Сонымен қатар, әйелдер арасында ең жоғары нәтиже көрсетіп, Чжу Цзиньэр мен Дивья Дешмух сынды мықты қарсыластарынан озып шықты.
БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Пікірлер (0)