Ақмола облысында профилактикалық бақылау барысында 1 млрд теңгеден астам заң бұзушылық анықталды
Фотосурет: ЖИ
Қазақстан Республикасында профилактикалық бақылау — заңнама бұзушылықтарының алдын алуға және бақылау субъектілерінің қаржылық тәртібін арттыруға бағытталған мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады.
Оның негізгі мақсаты — бұзушылықтарды анықтап, жазалау емес, керісінше заң талаптарын түсіндіру және белгіленген нормалардың сақталуын бағалау арқылы олардың алдын алу.
Мұндай тәсіл әкімшілік жүктемені азайтуға және міндеттерді адал орындау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Профилактикалық бақылау мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік ықпал ету шараларын қолданбай жүргізіледі.
Бақылау іс-шаралары барысында құжаттар, қызмет процестері және белгіленген талаптардың сақталуы талданады. Мүмкін болатын тәуекелдер немесе сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, субъектілерге оларды жою және кейінгі бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсынымдар беріледі. Қаржы министрлігінің органдары профилактикалық бақылауды бекітілген тізімдерге сәйкес аудиторлық қызмет, бағалау қызметі, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік салаларындағы заңнаманың сақталуын тексеру мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы жүзеге асырады.
2025 жылы Департамент профилактикалық бақылау жүргізу барысында 1 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтады. Оның ішінде қаржылық есептілікті жасау нәтижесіне әсер ететін бұзушылықтар сомасы 354 млн теңгеден асты. Бақылау қорытындылары бойынша есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауға қатысты практикалық ұсынымдар берілді. Осылайша, профилактикалық бақылау мемлекеттік органдар мен бақылау субъектілері арасындағы серіктестік қатынастарды қалыптастыруға, қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге және бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Профилактикалық бақылау саласында жүргізілетін іс-шаралар мемлекет күш-жігерін бұзушылықтардың алдын алуға, оларды дербес түрде жоюға мүмкіндік беруге, әкімшілік жүктемені төмендетуге және бизнес пен мемлекет арасындағы сенім деңгейін арттыруға бағыттайды.
Пікірлер (0)