Аршалы ауданында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмыстары жалғасуда
Фото: Ресми дереккөзден
2026 жылғы 9 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша Экология департаменті Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылы аумағында қалдықтарды рұқсат етілмеген орналастыру орындарын жою мәселесі бойынша пресс-тур өткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Департамент тарапынан рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және жою, сондай-ақ олардың қайта пайда болуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұмыстар жүргізілуде.
2026 жылы Аршалы ауданының аумағында 42 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Оның ішінде аудан әкімдігі бүгінгі таңда 37 қоқыс орнын жойды, бұл анықталған қалдықтарды орналастыру орындарының жалпы санының 88,1%-ын құрайды.
Сонымен қатар Экология департаменті жергілікті атқарушы органдардың анықталған рұқсат етілмеген қоқыс орындарын уақтылы жою жөніндегі шараларды қабылдауын бақылауды жүзеге асырады.
Рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орындарын жою бойынша шараларды уақтылы қабылдамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 324-бабының 1-бөлігіне сәйкес 13 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында Аршалы ауданы ауылдық округтерінің әкімдері де бар.
Пресс-тур барысында анықталған қоқыс орындарын жоюмен қатар, олардың қайта пайда болуына жол бермеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта халықтың экологиялық мәдениеті, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауы маңызды рөл атқарады.
Экология департаменті қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады.
ҚР ӘҚБтК-нің 344-бабының 2-бөлігіне сәйкес қалдықтарды тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға - 50 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне - құқық бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының 100%-ы, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200%-ы мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Экология департаменті Ақмола облысының тұрғындарын қалдықтармен жұмыс істеу ережелерін сақтауға, стихиялық қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеуге және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Елді мекендердің тазалығы - мемлекет, бизнес және әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.
Пікірлер (0)