Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Жаңалықтар
view 128
news

Фотосурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді. 

2014 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.

2014-2021 жж. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры. 

2021-2022 жж. ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

2022-2023 жж. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023-2024 жж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы.

2024-2025 жж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2025 жылғы 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *