Астанада Jennifer Lopez концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылады

Жаңалықтар
view 61
news

Сурет: EGov.kz

Елордада 1 тамыз күні әлемге танымал америкалық әнші Jennifer Lopez-дің концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлығы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында осы күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды, деп хабарлайды janabastau.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап  

Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.

Шаттл бағыттары:

• Астаналық цирк автотұрағы;

• «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;

• «QAZAQSTAN» спорт кешенінің автотұрағы;

• Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;

• «Бас мешіт» автотұрағы.

Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.

Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шаттл автобустарымен қатынағаны жөн.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *