Мамандар маусымда қай аймақта құрғақшылық болатынын айтты
Фотосурет: pixabay.com
Қазгидромет” мамандары маусымда қай аймақта құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
2026 жылғы маусым айына арналған алдын ала болжамға сәйкес, атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:
Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
Қарағанды облысында – Шет ауданында;
Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
Алматы облысында – Жамбыл ауданында;
Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
Жамбыл облысында – Талас ауданында;
Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары. Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтіледі, – делінген хабарламада.
Пікірлер (0)