Ақтөбеде қоқыстан жаңа туған нәресте табылды

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет: sputnik.kz

Ақтөбеде қоқыстан жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 23 мамырда болған. 

"Ақтөбе қаласында жаңа туған сәби салынған пакет табылды. Нәресте полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында. Ал полиция қылмыстық іс қозғап, баланың анасын іздестіріп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *