Атбасарда жол-көлік апатынан 11 жастағы қыз қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөзден
Ақмола облысының Атбасар ауданында болған жол-көлік оқиғасында 11 жастағы қыз көз жұмды. Тағы жеті адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай 23 қыркүйекте Volkswagen Golf пен Lada Granta көліктері соқтығысқан кезде орын алған.
«Жол апаты салдарынан Volkswagen Golf автокөлігіндегі кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сол көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушы, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және көліктің техникалық жағдайына мұқият қарауға шақырды.
Пікірлер (0)