Қытай көліктеріндегі химиялық заттар: рак ауруына тікелей қауіп
Сурет: Ашық дереккөзден
Белгілі IT маман Қытайдан шыққан жаңа көліктердің қауіптілігіне дабыл қақты
Әлеуметтік желіде белгілі IT маманы Мейіржан Әуелханұлы Қытайдан шығарылатын жаңа көліктердің қауіптілігі туралы ескертті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Қытайдан жаңа көлік сатып алған орта жастағы ер адам екі айдан кейін денсаулығы сыр берген, дәрігерлер оған ақ қан (лейкоз) диагнозын қойған.
«Осы оқиғадан кейін Қытайдағы зерттеу институттары мен журналистер бірігіп, 60-қа жуық жаңа көлікті ыстық күннің астында сынақтан өткізді. Нәтижесінде 60 көліктің 58-інде пластик пен химиялық элементтердің мөлшері шектен тыс жоғары болып шықты. Бұл адам ағзасына зиянды әсер етіп, әртүрлі рак ауруларын тудыруы мүмкін», – деді Мейіржан Әуелханұлы.
Маманның сөзінше, бұл тақырып қазір әлемдік медиада қызу талқыланып жатыр. Ол қазақстандықтарды арзан баға мен жарқыраған салонға алданып қалмауға шақырды:
«Біздің елімізде де Қытай көліктері көбейіп кетті. Бағасы қолжетімді болғанымен, денсаулық бәрінен қымбат. Ақша да, таңдау да өздеріңізде», – деп ескертті ол.
Пікірлер (1)
Калай тексеру керек сонда бізде шанхан алсвин алып едік салонан