Атышулы Перизат Қайрат колонияда тазалаушы болып жұмысқа тұрған

Жаңалықтар
view 24
news

Коллаж: Kursiv.media

Қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырып, 10 жылға сотталған Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сотталушы сот шешіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр және қазірдің өзінде жұмысқа орналастырылған. Ол қызметтік үй-жайларды тазалау жұмыстарын атқарады, - делінген жауапта.

Айта кетейік, Перизат Қайратқа тиесілі болған 79 млн теңгелік Mercedes автокөлігі аукционға шығарылған еді. Алайда кейін ол мемлекеттік органның балансына берілді.

Көлікті нақты қай мекеме алғаны әзірге белгісіз.

Тасқын кезінде халықтан жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *