Атышулы Жанқош Тұраров жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Жаңалықтар
view 167
news

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізетінін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жақында келесі жекпе-жегімнің қайда және кіммен өтетінін жариялаймын, - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет осы жылдың 5 қыркүйегінде филиппиндік Али Канегаға (12-2-1, 8 КО) қарсы қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Канеганы 3 рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде Жанқош Тұраров төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. 

Естеріңізге салсақ, Жанқош Тұраров  кәсіпқой бокста барлығы 28 жекпе-жек өткізіп, бәрін де айқын басымдықпен ұтқан.

Бұған дейін боксшы қоғамды бір шулатып алған еді. Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінінің қызы Әнару Құрманәлі оны өзін зорлады деп айтыптаған болатын. Осы оқиғадан кейін БАҚ спортшы атақтарынан айырылуы мүмкін екенін жазған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *