Бүгін – жазушы-аудармашы Роллан Сейсенбаевтың туған күні

Жаңалықтар
view 59
news

Фото: speckor.net

Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, аудармашы, баспагер, қоғам қайраткері Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың туған күні. Қаламгер бүгін 79 жасқа толды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Семейде туған. 1969 жылы Семей технологиялық институтын, 1977 жылы М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарын бітірген. 

Институтты бітірген соң Семей облыстық газетінде, телевидениеде, облыстық комсомол комитетінде, қалалық атқару комитетінің бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Әдеби жұмыспен 1967 жылдан айналысады. «Аңсау» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1975 жылы жарық көрген.

1975-1991 жылдары Кеңестер Одағының жазушылар ұйымының қазақ әдебиеті жөніндегі жауапты хатшысы қызметін атқарған. 1992 жылы «Ядролық сынақтардың құрбаны — балалар» қорын құрған. 1993 жылы Республикалық «Қазақстан» телекомпаниясында «Абай әлемі» телебағдарламасын ашқан. 1994-1996 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі болған. 1995 жылы Лондон қаласында әдеби-мәдени «Абай үйі» орталығын ашқан. 2000 жылы Семейде «Халықаралық Абай клубын», әдеби «AMANAT» журналын дүниеге әкелген. 2005 жылы Роллан Сейсенбаевтың баспа үйін ашқан. 2012 жылдан Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік университеті мен Халықаралық Абай клубы қасынан ашылған «Әлем халықтарының әдебиеті» институтының директоры қызметін атқарады. «Халықаралық Абай клубының» Президенті, «AMANAT» журналының Кеңес Советінің бастығы, «RS» баспа үйінің директоры болды.

Ол Семейдің облыстық студенттік отрядының тұңғыш командирі. Еркін, самбо, қазақ күресінен ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Кеңестер Одағының да жүлдегері. Кеңестер Одағының спорт шебері.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *