Футбол: Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді

Жаңалықтар
view 57
news

Фото: instagram.com/kff_team/

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Лихтенштейн командасын қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Ұлттық құрама футболшылары ойынды өте қарқынды түрде бастады. Бірінші таймның 25 минутында алғашқы болып есепті Кенжебек Ғалым ашты. Кейін арадан 2 минут өткен соң Бақтияр Зайнутдинов есеп санын ұлғайтып, гол соқты. Айта кетейік, бұл Зайнутдиновтың ұлттық құрама сапында соққан 14 голы. Осылайша ол голдар саны бойынша өз рекордын жаңартты. 

Ал екінші таймның басында Ғалымжан Кенжебек қарсыластың қақпасынан кезекті мәрте саңылау тауып, дубль авторы атанды. 

Ойын барысында Максим Самродовтың бұрыштамадан көтерген добын Әлібек Қасым қақпаға дәл көздеп, голды өз пайдасына жазды. 
Қорытынды есеп бойынша 4:0 есебімен Қазақстан ұлттық құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Енді ұлттық құрама 13 қазан күні сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы матч өткізеді.

 
Еске салсақ, бұған дейін жарақатынан айыққан Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта кіріскенін жазған болатынбыз. 
 
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстанның жастар құрамасын сынады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *