"Маған сенбедіңдер!": Қуат Хамитов Қазақстан футболын тағы да сынап тастады

Жаңалықтар
view 47
news

Фото: Instagram @kuat_khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстанның жастар құрамасын сынап тастады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым! Маған сенбедіңдер! — деп жазған спортшы.

Қазақстан жастар құрамасы 9 қазан күні сырт алаңда Андорра құрамасымен матч өткізіп, 1:0 есебімен жеңіліп қалған еді. Осыдан кейін Қуан Хамитов kzsports сайтының instagram желісіндегі парақшасында футболшыларды сынап, осылай деп жазба қалдырған.

Белгілі спортшының Қазақстан футболын сынауы бірінші рет емес. Бұған дейін де талай сын тезіне алған-ды.

Еске сала кетейік, 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде футболдан Қазақстан жастар құрамасы үш ойынның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген соң турнир кестесінің бесінші сатысына төмендеген еді.

Бүгін футболдан Қазақстан құрама командасы елордада Лихтенштейнмен кездеседі.

Белгілі спортшы бұған дейін әлеуметтік желідегі бойжеткендерге жиі хабарлама жазып жүргенін мойындаған болатын. Сондай-ақ ол депутаттарды келеке етіп видео жариялады.

Қуат Хамитов депутат Ардақ Назаровқа Парламенттен кетуге де кеңес берген еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *