«Мың доллар жіберсең, құттықтау айтқызып беремін»: Қуат Хамитов депутаттарды келеке етті (ВИДЕО)
Фотосурет: ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаттарға аналарын мінберден құттықтауға рұқсат берді. Сол себепті аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов депутаттарды келеке етіп видео жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Ассалаумағалейкүм, жігіттер! Мәжіліс депутаттарға мінберде анасын туған күнімен құттықтауға рұқсат беріпті. Менде барлық депутаттың нөмірі бар. Қандай да бір құттықтау, туған күн, жаңа жыл немесе кез келген мерекемен құттықтауға рұқсат алып берем. Сборға ақша жоқ еді, бір-екі құттықтау айтқызып, сборға барып келейін. Мынадай жаман залда дайындалып жүрміз, ақша керек еді, -деді спортшы.
Еске сала кетсек, Мәжіліс отырысында Ардақ Назаров ресми сауалын жолдамас бұрын анасын 70 жасқа толуымен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізген болатын.
Пікірлер (0)