Қуат Хамитов депутат Ардақ Назаровқа Парламенттен кетуге кеңес берді
Сурет: Ашық дереккөзден
ММА жауынгері Қуат «Найман» Хамитов Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың Парламент мінберінде анасын туған күнімен құттықтағанына байланысты өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Хамитовтың пікірінше, халық тұрмысы әлі жақсармаған тұста депутаттардың бос сөзге уақыт кетіруі орынсыз. Ол Қазақстанның жағдайын араб елдерімен салыстырып, нағыз мерекелік құттықтауларға уақыт тек ел байып, әлеуметтік сала дамығанда келетініне тоқталды.
«Халықтың тұрмысы 2010 жылдан бері айтарлықтай өзгерген жоқ – жұмыссыздық, несие, күнкөрістің қиындығы. Осындай кезде депутаттардың міндеті – елді алға сүйреу. Еңбек еткісі келмейтіндер жігітше мойындап, орындарын босатқаны дұрыс», – деді спортшы.
Сонымен қатар ол «ел медицинасы мен білімі тегін, тұрғын үй мәселесі шешілгенде ғана депутаттар еркін құттықтау жасап, мінберде бәс таластыра алады» деп қосты.
Пікірлер (0)