100 миллион мен декрет схемасы: Дәулет Мұқаевтың курсы қайда апарды?
Жаңалықтар
106
Сурет: instagram/daulet_mukayev
Депутат Дәулет Мұқаевтың аты аталды: Ақтөбеде екі әйел сотталды.
Ақтөбеде екі бухгалтер әйелге сот үкімі шықты. Олар ондаған жүкті әйелді жалған жеке кәсіпкер ретінде рәсімдеп, мемлекетке 100 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Сотталғандардың бірі, 39 жастағы Гауһар Өмербекова, тергеу кезінде депутат Дәулет Мұқаевтың курсын оқығанын мойындады. Бұған қоса, өзге істерде де күдіктілер дәл осы курсты «үлгі» ретінде атағаны белгілі болды.
Бұл жайт депутаттың аты-жөнін қылмыстық схемалармен байланыстырып, қоғамда қызу талқы тудырып отыр.
Пікірлер (0)