Үш жыл бұрын қызын аю апанына тастаған әйел ақыры оны пышақтап өлтірді
Сурет: Ашық дереккөзден
Ташкенттің Сергелі ауданында 34 жастағы Зилола Туляғанова туған қызын өлтірді. Әйел асүй пышағымен жеті жасар қызына ауыр жарақат салып, бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Milliy телеарнасының мәліметінше, биыл тамыз айында Туляғанова психоневрологиялық ауруханада емделіп, кейін амбулаторлық бақылауға алынған. Алайда махалла өкілдері мен көршілері оның жағдайын тұрақты деп бағалап, мұндай қадамға барады деп ойламағандарын айтады.
Өзбекстан Бас прокуратурасы деректі растады. Қазір күдікті қамауда, оған Қылмыстық кодекстің 97-бабы («қасақана кісі өлтіру») бойынша іс қозғалды.
Айта кетейік, бұл оқиға — Туляғанованың алғашқы сорақы әрекеті емес. Дәл осы әйел үш жыл бұрын қызын хайуанаттар бағындағы аюдың вольеріне жұрттың көзінше лақтырып жіберген болатын. Абырой болғанда, жыртқыш бүлдіршінге тимей, тек иіскеп қоя берген. Қыз 5 метрлік биіктіктен құлағаннан ғана жарақат алған еді.
Пікірлер (0)