Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы елордада Лихтенштейнмен кездеседі

Жаңалықтар
view 99
news

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде елордада Лихтенштейнді қабылдайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Кездесу бүгін, 10 қазан күні 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас төреші міндетін Павел Рачковски атқарса, оған Марцин Бонек пен Бартош Хейниг көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Патрик Грицкевич.

Қазақстан құрамасы

Қақпашылар: Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Кажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі — «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі — «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Сағи Совет («Жеңіс»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Дінмұхаммед Кашкен («Жетісу»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі — «Жеңіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі – «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі — «Елімай»).

Лихтенштейн құрамасы

Қақпашылар: Бенджамин Бюхель («Вадуц»), Джастин Оспельт («Шпортфройнде», Германия), Габриэль Фозер («Эшен-Маурен»);

Қорғаушылар: Никлас Бек («Бальцерс», Швейцария), Максимилиан Гёппель («Фрайенбах», Швейцария), Ливио Майер, Лукас Грабер (екеуі – «Эшен-Маурен»), Йенс Хофер («Дюдинген», Швейцария), Йонас Вайзенхофер («Хоэнемс», Австрия);

Жартылай қорғаушылар: Алессио Хаслер, Никлас Хаслер (екеуі – «Вадуц»), Андрен Нетцер, Северен Шлегель, Кенни Киндл, Сандро Вольфингер (барлығы – «Бальцерс», Швейцария), Лиам Кранц («Шан»), Симон Люхингер («Брегенц», Аустрия), Арон Зеле («Ювентус Цюрих», Швейцария), Эмануэль Цюнд («Мейрен», Швейцария);

Шабуылшылар: Фабио Луке-Нотаро («Швайнфурт 05», Германия), Вильям Пицци («Эшен-Маурен»), Ферхат Саглам («Айнтрахт Хохкеппель», Германия), Деннис Саланович («Бальцерс», Швейцария).

Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.

Ал Лихтенштейн құрамасы қазірге дейін Қазақстаннан өзге Солтүстік Македониядан екі мәрте (0:3, 0:5), Уэльстен (0:3), Бельгиядан (0:6) жеңіліп қалды.

Айта кетсек, футболдан Лихтенштейн құрамасы Қазақстанның УЕФА аясындағы 48-інші қарсыласы болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *