Ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 облыста жол жабылды

Жаңалықтар
view 52
news

15 ақпан ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 38 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды janabastau.kz «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Абай облысында – 9 учаске (1 053 шақырым), Ақтөбе облысында – 5 учаске (696 шақырым), Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым), Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 шақырым), Жамбыл облысында – 1 учаске (450 шақырым), Жетісу облысында – 2 учаске (423 шақырым), Қарағанды облысында – 1 учаске (48 шақырым), Қызылорда облысында – 1 учаске (815 шақырым), Павлодар облысында  – 2 учаске (438 шақырым), Солтүстік Қазақстан облысында – 3 учаске (316 шақырым), Түркістан облысында – 2 учаске (283 шақырым), Ұлытау облысында – 2 учаске (438 шақырым), Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым), Қостанай облысында  1 учаскеде (83 шақырым) көлік қозғалысы шектелді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *