уақыт белдеуінің өзгеруі денсаулыққа қалай әсер етеді?

Жаңалықтар
view 36
news

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі уақыт белдеуін ауыстыру мәселесіне түсініктеме берді,-деп хабарлайды janabastau.kz. Министр бұл шешім халықаралық тәжірибелерді зерттеп барып қабылданғанын тілге тиек етті.

«Бізде үлкен ғылыми орталықтар – адам физиологиясы орталығы, астрофизика орталығы жұмыс істейді. Негізгі шешім ғылыми тұрғыдан зерттелді. Дәлелденген ақпарат негізінде қабылданды. Халықтың денсаулығына оң әсер ететініне сенімдімін. Себебі адамда ғасырлар бойы қалыптасқан биологиялық сағат бар. Барлық мемлекеттер осы биологиялық сағаттарды теңестіруге тәуекел ете бермейді», - деді Ақмарал Әлназарова.

Ол бұл шешімді қолдайтынын атап өтті.

«Бұл азаматтардың денсаулығына жақсы әсер еткенімен, экономикалық тұрғыдан онша тиімді болмауы мүмкін. Ең бастысы, мемлекет бұл мәселені халықтың денсаулығын жақсарту үшін қабылдайды. Сондықтан мен мемлекеттің бұл шешімін қолдаймын», - деп қорытындылады министр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *