Автокөлік көпірі опырылып түсті

Жаңалықтар
view 484
news

Сурет: otyrar.kz

Шымкент қаласындағы Жаңаталап шағынауданында көлік өтетін көпір жартылай құлады, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Бұл көпір халық көп қоныстанған елді мекенді қаламен байланыстыратын жалғыз көпір болған. Қазіргі уақытта төтенше жағдай болған жерде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков жергілікті тұрғындарға көпірдің уақытша жабылғанын мәлімдеп, қазір көлік қозғалысына жаңа бағыт қарастырылып жатқанын айтты.

Сіргелі ауылы мен Жаңаталап арасындағы жол көпір зақымдануына байланысты жабылады. А2 трасса бойындағы жаңа мазараттан бері қарай топырақ жол бар. Өздеріңіз білесіздер. Біз қазір жолды сызып, картасын дайындап қоямыз. Сол жерде біз бүгін түнімен жолды тегістеп, машина жүретін мүмкіндікті қарастырып қоямыз, - деді Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *