Камаз жолдан шығып кетіп, жарға құлады

Жаңалықтар
view 344
news

Фото: Zakon.kz

Медеу ауданының таулы аумағында топырақ тиеген камаз жолдан шығып кетіп, жарға құлады, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Zakon.kz жазғандай топырақ тиеген камаз 8 маусымда, сенбіде таудан түсіп келе жатқан жолда апатқа ұшыраған.

Әзірге белгісіз жағдайларға байланысты, тауда түсіп келе жатқан көп тонналы көлік жарға қарай құлап, одан әрі домалап бетон қоршауларға соқтығысқан. Аударылу кезінде топырақ толығымен шашылып қалған.

Одан әрі өз инерциясымен аударылған камаз жолындағы қуатты электр бағанын қиратып, тереңдігі шамамен 20 метр болатын жарға құлады. Жардың төменгі жағында өзен ағып жатыр.

Камаз кабинасы деформацияға ұшырап, мыжылып қалған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *