Әзірбайжанға жасалған шабуылға қатысты Тоқаев не деді?
Фотосурет ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан әуежайына жасалған дрон шабуылына қатысты ресми ұстанымын білдіріп, болған оқиғаны қатаң айыптады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президенті аймақтағы жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін мәселені тек дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін алға тартты.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Мемлекет басшысының бұл актіге қатысты көзқарасы нақты екенін жеткізді. Ол өз мәлімдемесінде:
«Президентіміздің ұстанымы нақты: ол бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға жасалған бұл шабуылды қатаң айыптайды», – деп атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев орын алған инциденттің мән-жайын Иран тарапымен бірлесе отырып, мұқият зерттеудің маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы өңірдегі тұрақтылықты сақтау мақсатында қақтығысты дипломатиялық құралдар арқылы реттеуге және шиеленістің одан әрі өршіп кетпеуіне үміт білдіретінін айтты.

Пікірлер (0)