Байқоңырда Тоқаев пен Путин кездеспекші

Жаңалықтар
view 217
news

Дереккөз: Sputnik Қазақста

Байқоңырда Путин мен Тоқаевтың «Бәйтерек» жобасы аясындағы «Союз-5» зымыран ұшыру рәсіміне келуі күтілуде, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Байқоңыр кешенінде Ресей мен Қазақстан президенттері Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың желтоқсан айына жоспарланған «Союз-5» зымыранының «Бәйтерек» жобасы аясындағы ұшырылымын тамашалау үшін келуі күтілуде. Бұл оқиғаны Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин растады.

Бусыгиннің сөзінше, екі ел президенттерінің соңғы кездесуінде Байқоңыр кешеніне бару және жыл соңындағы зымыран ұшырылуын тамашалау туралы алдын ала келісімге қол жеткізілген. Жоспарланған ұшырылым күні ретінде 25 желтоқсан қарастырылуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *