«Бейіт басында ән айтпаған қазақ едік»: Зарина Омароваға желі қолданушылары шүйлікті
Жаңалықтар
25
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Танымал әнші Зарина Омарова апасының бейітінің басында ән айтып, желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Өнер иесі бейнежазбаны Instagram-парақшасына жариялаған. Видеода ол бейіт басында «Анашым» әнін орындаған.
"Шымкентке келгенде апамның басына соқпай кетпеймін. Кеше Сәкен ағамның анасының батасын алып, енді бүгін өз апама барып сағынышымды басып қайттым", – деп жазды әнші.
Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі оның бұл әрекетін түсінбей, сын пікірлерін жаудырған.
Пікірлер (0)