Баласын әдейі вокзалға тастап кеткен әйел табылды
Редакция таңдауы
1282
Сурет: Polisia.kz
Полиция Астанадағы вокзалда қараусыз қалған балаға қатысты жаңа мәліметтерді жеткізді. Көлік полициясының мәліметінше, баланың анасы табылып, полиция бөлімшесіне жеткізілген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция әйелдің бұрын психиатриялық диспансерде есепте тұрғанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда тастап кету фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бала Астана әкімдігінің қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді", – делінген хабарламада.
Тергеу бойынша өзге мәліметтер қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді.
Оқи отырыңыз

Редакция таңдауы
Мұнай бағасы зымыранша ұшты — Таяу Шығыстағы шабуыл салдары


Редакция таңдауы
Қазақстанда той шығынын салық органдары тексере бастады
Пікірлер (0)