Бангкоктен елге екі чемоданды жеткізуге келіскен қазақстандық бойжеткен 16 жылға сотталды
Фотосурет: nur.kz
Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасы және заңсыз айналымы үшін кінәлі деп тапқан.
"Бойжеткеннің ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскені анықталды. Контрабанданың жолы ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден кесілді. Прокуратура ескертеді: әлеуметтік желілерде таралатын "оңай табыс" пен тегін саяхат туралы ұсыныстар кқп жағдайда халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі болып саналады. Қылмыстағы рөліне қарамастан, оған қатысу қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады", - делінген хабарламада. Үкім заңды күшіне енді.
Пікірлер (0)