«Барселона» мен «Реал» бүгін Испания Суперкубогына таласады
Фотосурет: latestly.com
Бүгін, 11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні Испания Суперкубогы аясында каталондық «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы матч өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
«Эль-Класико» Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы «King Abdul Aziz Sports City» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Қазақстан уақыты бойынша, 11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні 00:00-ге жоспарланған.
Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан көруге болады, сондай-ақ көрсетілім арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
«Барселона» құрамы: Хоан Гарсия, Бальде, Эрик Гарсия, Кубарси, Кунде, Де Йонг, Педри, Фермин, Рафинья, Ямаль, Торрес. Ал «Реал» құрамы: Куртуа, Каррерас, Хёйсен, Асенсио, Вальверде, Беллингем, Тчуамени, Камавинга, Винисиус, Родриго, Гарсия.
«Барселона» сапында алаңға шықпайтындар: қорғаушы Андреас Кристенсен мен жартылай қорғаушы Гави жарақатына байланысты, ал қорғаушы Рональд Араухо жеке себептерге байланысты ойынды өткізіп алады.
«Реалдың» қатарында тек қорғаушы Эдер Милитао жарақат алған. Сонымен қатар қорғаушылар Ферлан Менди, Трент Александр-Арнольд және Антонио Рюдигердің алаңға шығуы күмәнді.
Еске сала кетсек, былтыр да трофей үшін «Реал» мен «Барселона» кездескен болатын. Ол матчта каталондықтар жеңіске жетіп, Испания Суперкубогын 15-рет иеленді. Ал «Реал» бұл трофейді 13 рет жеңіп алған.
Пікірлер (0)